Үздік пәндер қатарында: «Қонақжайлылық және демалысты басқару» (топ 101-150), «Археология» (топ 101-150), «Ағылшын тілі мен әдебиеті» (топ 101-150), «Лингвистика» (топ 101-150), «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (153 орын), «Тарих» (топ 201-250) бар.
Сондай-ақ әлемдегі үздік үш жүздікке университеттің «Инженерия және технологиялар» (292-орын) және «Саясат және халықаралық зерттеулер» (250-300) пәндері кірді. Ал үздік 500-ге «Әлеуметтану» (301-350), «Білім» (301-350), «Бизнес және менеджмент» (501-550) білім беру бағдарламалары енді.
ЕҰУ ұсынылған пәндердің жалпы санында оң динамикасын көрсетуді жалғастыруда, бұл биыл 21-ге дейін өсті. Салыстыру үшін айта кетейік, 3 жыл бұрын олардың тек 11 пәні болған, яғни көрсеткіш екі есеге өскен. Биыл ЕҰУ 17 пән және 4 пәндік бағыт бойынша рейтинг зерттеуіне ұсынылды.
Рейтинг бірқатар көрсеткіш, атап айтқанда, академиялық бедел, жұмыс берушінің беделі, дәйексөздер, Һ-индексі, халықаралық зерттеу желісі бойынша бағаланады.
Биыл алғаш рет ЕҰУ «Жаратылыстану ғылымдары» пәндік бағытына еніп, 455-орынға ие болды. Университет сонымен қатар «Математика» бойынша 501-600 үздік қатарына енді.
Ең үздік пәндер 100-ден сәйкесінше 72 және 68,8 балл жинаған «Қазіргі тілдер» мен «Лингвистика» болды.
К.ЕРКІНҚЫЗЫ