Қазақстанда Достық – Бескөл бағыты бойынша қозғалыс ашылады.
Жақында «Достық – Бескөл» стансалары арасында жол қозғалысы ашылады
Фото: gov.kz
732
оқылды

Қазақстанда наурыз айының соңына дейін «Достық – Бескөл» стансалары арасындағы екінші жолдарда қозғалыс ашылады. Бұл туралы Aikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған бағыт «Достық – Мойынты» жобасының бір бөлігі саналады. Бұған дейін 127 шақырымдық «Балқаш – Мойынты» учаскесінде қозғалыс іске қосылды.

Жалпы ұзындығы 166 шақырымды құрайтын жаңа бағытта қазіргі таңда соңғы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Учаскенің ашылуы транзиттік тасымалдау әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы ұзындығы 836 шақырымды құрайтын «Достық – Мойынты» теміржол жобасының толық аяқталуы осы жылдың ортасына жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.