Halyk Bank ғимаратында жұмыс істеген консультант коронавирус жұқтырған, – деп хабарлайды банктің PR-қызметі.
«Банк ғимараттарының бірінде кеңес беру қызметімен айналысқан сыртқы ұйымның қызметкері COVID-19 коронавирусын жұқтырғанынан хабардар етуді жөн көрдік» делінген Halyk Bank хабарламасында.
«Денсаулық сақтау министрлігінің әрекет ету алгоритміне сәйкес ауру, сондай-ақ онымен байланыста болған барлық қызметкер қазіргі уақытта оқшауланып, карантинде» делінген ресми хабарламада.
«Банк клиенттер мен қызметкерлер денсаулығының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алды. Кеңселік үй-жай мен бөлімшелерді үнемі санитарлық өңдеу жүргізіледі. Банк бөлімшелері мен банкоматтар әдеттегі тәртіпте жұмыс істейді, барлық операция клиенттерге қолжетімді», – деп атап өтті банк өкілдері.
Айта кетейік, соңғы рсеми дерек бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 9 адам тіркелген: оның екеуі – Нұр-Сұлтан, жетеуі – Алматыда.