Жәрмеңке 15 және 16 наурыз күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін болады.
Алдағы демалыс күндері Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: Астана қаласының әкімдігі
956
оқылды

Астанада 15-16 наурыз күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан өнімдерін, табиғи шырындарды, консервілерді және т.б. сатып ала алады.

Іс-шара 15 және 16 наурыз күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Көктал» сауда ойын-сауық орталығында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.