Түрік қызы Айсен Ташкинді 5:0 есебімен жеңді.
Әлем чемпионатындағы алғашқы жүлде: Алуа Балқыбекова жартылай финалға өтті
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
683
оқылды

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

50 келі салмақта сынға түскен Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының 1/4 финалында түрік қызы Айсен Ташкинді 5:0 есебімен жеңді. Осылайша жарыстың жартылай финалына өтті.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, шаршы алаңға екінші болып шыққан 54 келі салмақтағы тәжірибелі жерлесіміз Жайна Шекербекова 1/4 финалда жарыс қожайыны Сара Сирковичпен жұдырықтасып, өкінішке қарай 3:4 есебімен жол берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.