Жолды 14 наурыз сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Ауа райының нашарлауына байланысты СҚО, Ақмола облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
290
оқылды

ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

13 наурыз сағат 22:00-де ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлеріне келесі республикалық автожол учаскелерінде шектеу қойылды: 

Солтүстік Қазақстан облысы: 

"Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы"- автожолының 797-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы); 

Ақмола облысы: 

"Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 856-997 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-37 шақырым).

 Жолды 2025 жылғы 14 наурыз сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.