Шығыс Қазақстан облысында 9-сынып оқушысы автоматтандырылған өрт қауіпсіздігі жүйесін ойлап тапты.
Самар ауылында тұратын өнертапқыш бала бұл жобасын облыстық стартап байқауында ұсынып, жеңімпаз атанған. Ол 368 мың теңге грант ұтып алды.
Қазір оқушы өз жобасын одан әрі жетілдірумен айналысып жатыр. Жұбандық Болғанбаев атындағы мектеп-лицейде 435 оқушы бар.
Олардың көбі осындай аймақтық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері. Осындай жетістіктері үшін білім ордасы өткен жылы Шығыс Қазақстан облысындағы үздік мектеп болып табылып, ұжым 34 миллион теңгенің сертификатына ие болды.
Жеңімпаз оқушы Әлімжан Әшімов: «Көбіне адамдар пеш жағады және абайсызда пеш ашық қалуы мүмкін. Өрт шыққан жағдайда температура сенсоры оны сезеді. Яғни GSM модулі адамға хабарлама жібереді. Яғни СМС келеді ересек адамға не өрт сөндіру жүйесіне келіп түседі», – дейді.
Жұбандық Болғанбаев атындағы мектеп-лицейдің директоры Баян Багисова: «Біз тренажерлік кабинет ашу жоспарымызда бар. Сонымен қоса, лингафон кабинет ашылады. Еңбекке құмарландырып, шабыттандыру үшін еңбек кабинетін, балаларымыздың ғылыми жобаларда жоғарғы көрсеткіштері көбейгеннен кейін оқушыларға арналған лабараторияларды жасаймыз. Әрине, қазіргі таңда жаңа технологияларды көбірек пайдалануға көп көңіл бөліп жатрымыз», – деді.