Шорт-тректен Қазақстан құрамасының спортшылары Ольга Тихонова мен Әділ Ғалиахметов Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық спортшылар 1 500 метр қашықтықтағы ширек финалдық сайыста сәтті өнер көрсетті. Тихонова мәре сызығына үшінші болып жетсе, Әділ Ғалиахметов екінші болып мәре сызығын кесіп, әлем чемпионатының жартылай финалына тікелей жолдама алды.
Ал Алина Әжғалиева мен Глеб Ивченко (жарыста үшінші орын) әлем біріншілігінің жұбаныш бәсекесінде жарысты жалғастырады. Егер сәтті өнер көрсетсе, олар да жартылай финалға жолдама ала алады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.