Бүгін Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтіп жатыр.
Қазақша ұлттық мультфильмдер керек – Тоқаев
@aqorda_resmi
155
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысына қатысып жатыр. Президент жиында кино маңызды идеологиялық құрал екенін айта келіп, ұлттық нақышта мультфильмнің түсірілуін көбейту керек деген ойымен бөлісті.

«Жақында «Шоқан. Қашқария сапары» деген мультфильм шығыпты. Бұл өскелең ұрпаққа әйгілі тарихи тұлға Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беретін өте жақсы туынды деп айтуға болады. Қазақ тілінде ұлттық нақышта түсірілген осындай мультфильмдер көп болуы қажет. Бұл – ұлт болашағына тікелей ықпал ететін мәселе. Сондықтан анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек», – деді Президент.