Әзірге интернет кеңістігінде Қазақстан туралы әлемнің кең таралған тілдеріндегі, әсіресе ағылшын тіліндегі ақпараттар көп емес.
«Жаһандық нейрожүйелер біздің тарихымызды толық білмейді». Президент Ұлттық цифрлық мұрағат құруды ұсынды
Aikyn.kz
153
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы Бурабайда өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Президент интернетте  ағылшын тілінде Қазақстан жайлы татымды ақпарат жоғын айта келе, шетелдік нейрожүйелер еркін пайдалана алатын цифрлық мұрағат құруды ұсынды.

«Танымал сервистерге қазіргі заманғы Қазақстан туралы сурет немесе видео әзірлеуге сұраныс берсек, көбінесе шындыққа жанаса бермейтін өнім ұсынады. Себебі жаһандық нейрожүйелер біздің тарихымызды, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді толық білмейді. Әзірге интернет кеңістігінде Қазақстан туралы әлемнің кең таралған тілдеріндегі, әсіресе ағылшын тіліндегі ақпараттар көп емес. Үкімет қолда бар орасан зор деректерді, соның ішінде мұрағаттар мен анықтамалық мәліметтерді, ғылыми зерттеулерді, иллюстрациялар мен фотосуреттерді, музыкалық шығармаларды және өнер туындыларын цифрлық форматқа көшіру жұмысын бастап кетті. Ұлттық цифрлық мұрағат құрып, оны еліміздегі және шетелдердегі нейрожүйе жасаушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік беру керек», – дейді ол.