Блогер Ілияс Сариев әлеуметтік желіде 17 жыл құлдықта болған қыздардың қазіргі жағдайы туралы видео жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Блогер қыздардың жағдайын білуге барып, күтпеген жағдайға тап болған. Ол бұдан шошып қалғанын айтып, оларға қарап отырған әйел адамға қолдау көрсетті.
«Құндыздың күнделікті талмасы ұстап қалды, өз көзіммен көрдім. Халық қыздардың хәлін білмей жатып, оларды бөлек тұрсын дегенді айтады. Қанша қарындасым деп жаным ашыса да, мен бұл қыздарға қарай алмас едім. Сыртыңыздар жанашыр болып, көмектескені жақсы ғой», - дейді блогер.
Түркістан облысында 1991 жылғы Назгүл мен 1996 жылғы Құндызды туған ағасы 17 жыл бойы еңбек құлдығына жеккен. Былтыр Назгүл мен Құндыздың жантүршігерлік оқиғасы "Көреміз" бағдарламасында айтылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.