Продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова достарының қатары сирегенін айтты, - деп жазды Aikyn.kz.
Продюсер Қайрат Нұртастың да досы аз екенін атап өтті.
«Қайратта дос жоқ. Дос біреу-екеу болуы мүмкін. 40 адам болса, ішінде біреу-ақ. Мен оны өзіне де айтамын. «Қайрат, сенде дос жоқ» деймін. Бұрын туған күнімді үшке бөліп жасайтынмын. Ол кезде Қайрат кішкентай болатын. Сонда Ұлықпан Жолдасовтарды, Жанатбектерді шақырып, туған күнімді жасаймын. Сонда әпкем айтатын, «Гүлзира, ертең осылардың бәрі жоқ болады қасыңда. Біреуінің бала-шағасының проблемасы болады, біреуінің өз проблемасы болады немесе араласуға ұялатын болады. Өйткені, жетістігіңді көре алмайды. Солай барлығы тарап кетті. Сонда бір-екі досың қалса қуан дейтін. Шынымен, бұрын 50 досым болса, қазір соның бір-екеуі ғана қалды», - дейді Гүлзира Айдарбекова Анар Батырханға берген сұхбатында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.