Қорықшылар – тіршілік атаулының құтты қо­нысы, алтын ұя бесігі атанған Ұлы даламыздың қорғаншысы.
Қорықшыларға кім қорған болады?
295
оқылды

Қазақ жерінің көркем табиғатын, кемел жануарлар әле­мін қорғап, сақтауда ерен еңбек сіңіріп жүр­ген бұл мамандық иелерінің өзі қорғауға зәру. Олардың жағдайы биылғы «Жұмысшы ма­­­мандықтары жылында» жақсарады деген үміт бар. Сонымен бірге жауапты министрлік қо­­­рықшыларды көп көлемде даярлауды жол­ға қоймақ. Жаңа реформа бұл іске тікелей аңшы­лардың қоғамдық бірлестіктерін жұмылдыруды көздейді.

Қорықшыны аңшының әзірлегені қалай?

Enbek.kz, НН, OLX, Gorodra­bot, Zarplata басқа да жұмыс іздеу сервистері және әлеуметтік желі қорықшыларды іздеген хабар­лан­дыруға толы. Тіпті, кейбірі мү­ге­дектігі бар адамдарды алуды қа­растыруға даяр. Тек ішімдікке құ­марлығы болмаса болды («без вред­ных привычек»). Саладағы өт­кір кадр тапшылығы мәселесін ше­шу үшін Экология және таби­ғи ресурстар министрлігі тосын қа­дамға баруға ниетті.

Ведомство «Кейбір заңнама­лық актілерге аңшылық саласы жә­не жануарлар дүниесін сақтау мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын әзірледі. Онда Аң­шылар мен аңшылық шаруа­шы­лығы субъектілерінің қо­ғам­дық бірлестіктерін біріктіретін ре­с­публикалық қауым­дас­тық­тар­ға қорықшыларды арнайы даяр­лау құқығын беру ұсынылған.  

Бұл жерде қорықшылар – өзі­не бекітілген алқаптарында жан­уар­­лар дүниесін қорғауды жүзеге асы­рады. Ал аңшылардың діттегені – қайт­кенде де сол жануарларды атып алу. Олай болса бұлар негізі­нен, бір-біріне қарсылас. Қорық­шы­лар аңшылардың үстінен қа­да­ға­­­лайды, браконьерге айналып кет­­пеуін бақылайды, жаза басса, жа­­засын береді. Ендеше мұндай қа­­­дамға мемлекет неге барып отыр?

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жануарлар дүниесі және аң­шы­лық шаруашылығы басқарма­сы­ның басшысы Асқар Абдрах­ма­нов­тың айтуынша, ұсынылып отыр­ған реттеу тетігі қорық­шы­лар­ды даярлауды қамтамасыз ету­ге бағытталған. Қорықшы болу үшін арнайы университет бі­тірудің қа­жеті жоқ. Қорық­шы­ларға қойы­латын басты бір талап – табиғатты шын, шексіз сүю. Өйткені сол үшін басын бәйгеге тігуіне, суық­қа төзіп, ыстыққа шыдауына тура ке­леді.

Сондай-ақ қарудан тура ата біл­гені маңызды. Аң­шы­лардың қауымдастығы бұған үй­рете алады. Сондай-ақ қорық­шы табиғат қорғауға және аңшы­лық ісіне қатысты заңнаманы біл­гені жөн. Бұл оған өз мін­дет­те­рін дұрыс орындап, заңгерлік шие­леністерге соқтырар проб­ле­ма­лардан аулақ болуы үшін қа­жет. Сирек кездесетін және жойы­лып бара жатқан жануарлар мен өсім­дік­терді қорғау заңнамасын білуі де күрделі жағдайларға дұрыс ше­шім қабылдауына көмектеседі.   

– Қауымдастықтар арқылы жү­зе­ге асыру ұсынылып отырған қо­рықшылардың арнайы дайын­дығы оларға жануарлар әлемін са­палы қорғауға, сондай-ақ аң­шы­лық жерлерді тиімді басқару үшін қажетті дағдылар мен білім­дер­ді үйретуге мүмкіндік береді. Бұл қорықшылардың құзырет­ті­лік деңгейін көтеруге ықпал ет­е­ді, – деді басқарма басшысы. 

Даярлау барысында қауым­дас­тықтар тек қарудан атуға үйре­ту­мен шектелмейді, сонымен бір­ге биология, экология, заңна­ма­лық база және қорғау әдістері ту­ралы білім беруі қажет. 

Сауатсыз қорғаушы табиғатқа ке­сір

Экология және табиғи ре­сурс­­­тар министрлігінің Орман шаруа­шылығы және жануарлар дүниесі комитетінің түсіндіруінше, қазір мамандардың жетіспеушілігіне бай­ланысты қорықшы ретінде жо­ғарғы білімі жоқ, тіпті бұл са­лада жұмыс тәжірибесі жоқ адам­дарды ала береді. 

«Дайындығының жеткіліксіз болуы жануарлардың санын рет­теу­ге қатысты қате шешімдер қа­­­­­был­дауына соқтыруы мүмкін, бұл табиғаттағы тепе-теңдікті бұ­за­ды. Қажетті білімсіз қорық­шы­лар өзекті заңдарды, аң аулау жә­не табиғатты қорғау ережеле­рін білм­еуі, сөйтіп, өзі заңсыз әре­кеттерге баруы мүмкін. Мұ­ның сыртында білімі төмен қорықшылар бра­ко­­ньер­ліктің және басқа да эколо­гия­ға қауіпті әрекеттердің алдын алу­да тиімді қимылдай алмай-ды», – деді комитеттегілер.

Мұнсыз қорықшы табиғатты қор­ғау, табиғи ресурстарды пай­да­лану туралы халыққа сауатты тү­сініктеме де бере алмайды. Ор­ман шаруашылығы және жануар­лар дүниесі комитеті сауатсыз қо­рық­шылардың өзі заң бұзаты­ны­на бірнеше мысал келтірді. Ақ­м­ола облысының Ерейментау ау­данының жергілікті полиция инс­пекторы Ақсуат ауылының маңында 40 жастағы қорықшыны ұстап алды. Полиция оның бра­ко­ньерлікпен айналысқанын мә­лімдеді.

СҚО-ның Есіл ауданында та­би­ғатты қорғау полициясы бра­коньер­лікке күдікті екі ер адамды құ­рықтады. «Красный Бор» мем­ле­кеттік мекемесінің аумағында тоқ­татылған олардың «Нива» ав­­­­токөлігінің тіркемесінде марал­дың ұшасы жатқан. Екеуі де қо­рық­шы болып шықты және бұл жануарды атуға болмайтынын біл­мегенін айтып, ақталыпты.

коллаж: Елдар ҚАБА

Тергеу олардың екі марал­ды еш рұқсатсыз атып ал­­­­ға­нын, етті жер­гілікті тұрғын­ның көмегімен алып кетуге ты­рыс­қанын анық­тады. Қылмыс­тық кодекстің 337-бабы, яғни, «Заң­сыз аңшылық» бойын­ша іс қоз­ғалды. Тәжірибелі қо­рықшы Алек­сей Перминов аң­шылық қауым­дастықтардың өз әріп­тес­те­рін арнайы даярлауына қар­сы емес.

– Жасыратыны жоқ, қорық­шы боламын деген кандидаттар­дың ұзын тізімі  жоқ. Келіскен жан­­ның бәрін дерлік алады. Елор­­­­дада мүгедектігі бар адамды да осы жұмысқа қабылдауға ке­лісетіні туралы хабарландыруды бай­қа­дым. Негізінен, бүгінде қо­рық­шы­ға әуесқой балықшы­лар­ды, аң­шы­ларды алады. Қауым­­­дас­тық­тар жа­нынан көрші Ресейдегі сияқты қорықшыларды кәсіби даяр­лай­тын Оқу орталықтарын ашуға бо­лады. Ол үшін Еңбек министр­лігі «Қорықшы» жеке кәсіби стан­дартын әзірлеуге тиіс. Ал кол­ледждер жоғарғы оқу орын­дары қорықшыны «Орман ре­сурс­тары және орман шаруашы­лы­ғы» мамандығы бойынша оқы­тады, – деді А.Перминов. 

Ол қорықшыны жұмысынан қол үздіртпей, заманауи техноло­гия көмегімен қашықтан даярлау­ға болатынын жеткізді. Сарапшы­ның пайымдауынша, бұл кәсіп ие­лері жабайы жануарлар мен құс­тардың тіршілігіне бақылау жүр­гізуге, аңшылық фауна-фло­ра­ны түгендеп, ревизиялауға үй­ре­тілуге тиіс. Бұдан бөлек, олар аң­шылық қару мен оқ-дәрілерді дұ­рыс қолдана білуге міндетті. Се­бебі оларға зиянкес жыртқыш­тар­мен күрес, аңдарды аулап, күш­теп қоныс аударту, брако­ньер­­лермен күрес сияқты қауіпті тап­сырмалар жүктеледі. Аңдар мен өсімдіктерді қорғау іс-ша­ра­ларын дұрыс жүзеге асырғаны маңызды. 

Қорықшы – қауіпті кәсіп

Қазір қорықтарда, қаумал­дар­да, ормандарда, аңшылық ша­руа­шы­лықтарда қорықшылардың тап­шылығы мәселесі өткір тұрға­ны атап өтілді. Алексей Перминов бір қайшылыққа назар аудартты. 

– Біздің әріптестеріміздің өм­і­ріне, денсаулығына қауіп төндіретін бір парадокс бар. Қорықшылар бі­рінші болып, қару қолдана ал­май­ды. Бірақ браконьерлердің қаруын тартып алуға міндет­тел­ген. Аңшылық және балық ша­руа­шылықтары субъектілерінің қо­рықшылық қызметі туралы қағи­даларында солай айтылған: «қо­рықшы аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін атыс қаруын алып қоюға және кейіннен ішкі істер ор­гандарына беруге міндетті». Яғ­ни, аң шабуылдаса, атып тас­тай аламыз, адам шабуылдаса, қар­уын тартып алуымыз керек! Мұн­дай қағиданы жазғанда, ше­неу­ніктер не ойлағаны белгісіз, – деп қамығады ол.

Ақпарат құралдары қорық­шы­лар құрбан болған оқиғаларды дүркін-дүркін хабарлап тұрады. 2012 жылғы 28 мамырда болған Арқанкерген оқиғасы кезінде 14 ше­карашыға қоса, аңшылық үйін­де қорықшы Руслан Ким өл­ті­рілді. Сол 2012 жылғы 13-14 та­мызда Іле-Алатау ұлттық пар­кін­де қылмыскерлер орманшы­лар үйіндегі 12 адамды қырып кетті.

Сонда Мәжіліс депутат­тары бұл трагедияларда адам­дардың көп қаза табуына қо­рықшыларды жап­пай қару­сыз­дандыру да себеп болуы мүмкін еке­нін мәлімдеді. Сол кездегі Үкі­меттің 2011 жылғы 1 шілдедегі №751 қаулысымен қорық­шы­лар­дың ойық қару (нарезное оружие) мен тапанша алып жүруіне тыйым салынды. 

«Қорықшылар браконьер­лер­мен, шекарада контрабандашы­лар­мен, есірткі тасымалдаушы­лар­м­ен бетпе-бет ұшырасқанда олар­дың жолын кеспек түгіл, өзін де қорғауға қауқарсыз. Ал да­мы­ған елдерде, АҚШ-та қорық­шы­лар қарудың түр-түрімен мұздай қаруланған, олардың тіпті пуле­мет­пен жабдықталған әскери ұшақ­тары да бар», – деді қорықшы. 

Оның айтуынша, бертінде қорықшыларға тапан­ша­ла­рын қайтарды. Бірақ қыл­мыс­кер­лерге қарсы қару қолдануға рұқсат етілмейтін көрінеді. Ауаға атып қорқытуға немесе брако­ньер­лердің көлігінің доңғалағы­нан атуға болады. Қаскөйлерді тұт­қындай алмайды, полиция ша­қырып, қылмыскерлермен бір­ге соны күтуге тиіс. Содан қас­кү­немдер айдалада қауқарсыз қо­­­­рықшыларды аяусыз соққыға жығып, қашып кетеді.

Ақпарат құралдары жазған­дай, 2019 жылдың басында «Охо­т­зоопром» инспекторы, танымал қо­рықшы Ерлан Нұрғалиевтің Қор­ғалжың қорығында киіктерді қор­ғаймын деп браконьерлердің қо­лынан қаза табуы халықтың қа­бырғасына батты. Осы қас­тан­дық­қа қатысы болған 3 адам өмір бойға бас бостандығынан айрыл­ды. Қорықшыларға шабуыл жал­ғас­ты. Былтырғы 2024 жылы Ұлы­­тау облысында әлдекімдер та­­биғатты қорғауға ұмтылған қо­рық­шылармен төбелесіп, сабап кет­кен.

Жалпы, жауапты ве­домст­во әзір­леген жаңа заң жо­ба­сын пысықтағанда, салада қор­даланған сан-сапалы мәсе­ле­лер­дің шешімін Парламент жеке қа­раса игі. Сөз болып отырған заң жобасы 2025-2026 жылғы ке­зеңде қабылданады деп жос­пар­ланған. Содан кейін аңшылардың қо­­ғамдық бірлестіктерінің қа­уым­­­­­­дастықтары қорықшы­лар­ды ақылы негізде (бюджет есе­бі­нен) және уәкілетті орган бекіткен та­лап­тарға сай арнайы дайын­дық­тан өткізуге кіріспек.

Қазақстан мемлекет ретінде сақ­талуы үшін оның аумағы адам тұру­­ға жарамды болуға тиіс. Бұл үшін қоршаған орта мен оның жа­н­уарлар дүниесін қаз-қал­пын­да сақтап, көздің қарашығындай қор­­ғайтын қорықшылар қатары отан­шыл, табиғатсүйгіш, өз ісінің май­талман мамандармен толық­қа­ны абзал. Қазақ елі күн сөнген­ше тұратын мемлекет болуы үшін оның бұлтпен таласқан көгілдір тау­ларын, қарағайлы ну орма­нын, қасиетті топырағын және жануарлары мен өсімдіктерін қор­ғау – мемлекеттік маңызды мис­сия! Оны іске асыру үшін ел­де­гі 3 084 қорықшының және олар­дың қатарына жаңадан қо­сы­лар әріптестерінің жағдайын жақ­сартқан, жалақысын көтер­ген, біліктілігін арттырған, қажет бол­са, жеткілікті қаруландырған жөн.

Айхан ШӘРІП