Дана Нұржігіт Баян Мақсатқызының қойылымынан алған әсерімен бөлісті.
"Баянның соры болды" деп жолыққан адам, оның арманын орындады" –  Дана Нұржігіт
golos-naroda.kz
6,189
оқылды

Астанада продюсер Баян Мақсатқызының өмірбаянына құрылған авторлық мюзикл өтті. Қойылымды тамашалаған белгілі журналист Дана Нұржігіт Баян Мақсатқызына тәнті екенін айтып, продюсерге әсерлі жазба қалдырды. Ол бұл туралы өзінің Instagam парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Баян Мақсатқызы Қазақстанда бұрын-соңды болмаған шоу ұйымдастырған. 

"Кеше Баян Алагөзованың жеке шақыруымен оның авторлық мюзиклі Queen шоуына бардым. Екі сағаттық қойылым – Баянның өмірі көз алдымнан өтті. Баян – замандасым, бір салада жүргенімізге 30 жылдан асыпты. Оның әншілігі, тілші, жүргізуші, продюсер, киноактриса, ұстаздығы бәрі-бәрі елге аян. Ол ештеңені жасырмайды. Бақытты екенін де, бақытсыз екенін де. Жағдайға мойынсұнып та өмір сүруге болады, тып-тыныш. Ол бәрінің қолынан келеді. Ал Баян ішкі жан дүниесі қаламаған, сүймеген жерде тұншығатын адам. Ол шын сыйлайтын, шын сүйетін адамына құрметін аямайды, ал шалқайғанға шалқаяды", – деп жазды ол.

Дана Нұржігіт Баян Мақсатқызының арманындағы мюзиклді қоюға күйеуі қолдау білдіргенін айтты.

"Кешегідей шоу Қазақстанның бірде-бір актрисасына арнайы қойылмаған! Күйеуі Тұрсынның арқасы. Алдымен "Баянның соры болды" деп жолыққан адам, бағы болып сүйіктісінің арманын орындады. Мюзикл – жанр ретінде бізде туып, бізде дамымаған өнер. Ондай әмбебап актерлар, режиссер, дыбыс, жарық режиссерларын табу, труппа жинау қиынның қиыны. Оны мүмкін қылған Баянның арманы, Тұрсынның қаржысы. Түптеп келгенде екеуінің махаббаты. Балаларды да, спектакльді де дүниеге әкелген екеуінің шын сезімі. Олар өздеріне ұрын келген, кешіккен алапат сезімнен қашып құтыла алмайтынын біліп, сол үшін қан, қарғыс көрсе де тағдырдан бірге болуды күресіп барып, қалауын жұлып алған адамдар. Ғашықтар сондай эгоистер! Иә! Өйтпесе бірге болу жоқ! Бірақ екінші өмір де жоқ қой! Баян сол өмірдің бір-ақ рет берілетінін, оның балын да, уын да сіміре ішуге дайын адам. Тәукелшіл адам. Жоқты бар ететін сұлу, нәзік, өжет күрескер Баян. Бұқара елде екіұдай пікір тудыратын да, өсекке де ілігетін, қарғысты та, алғысты қабылдап жүріп дегеніне жететін Баянның өмірбаяны – сезім үшін, арман үшін күрес жолы. Осылайша бағын тапқан әйел, тәжін киген патшайым", – дейді Дана Нұржігіт.