Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында дөңгелек шығаратын зауытта өрт шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.
Дәл қазір Алматы облысының өрт сөндірушілері дөңгелек шығаратын зауыттағы өртті сөндіріп жатыр.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіру жоғары температура және үлкен өрт жүктемесіне байланысты күрделене түсіп жатыр.
"Жоғары дабыл даярлық белгісі Алматы облысының барлық өрт сөндірушілерін аяғынан тік тұрғызды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс істеуде. ҚР ТЖ министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов Алматы облысында жұмыс іс-сапарымен барып, өртті сөндіру жұмыстарын тікелей үйлестіріп басқаруда", - делінген ТЖМ ақпаратында.