Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай әкесіне темір тұлпар мінгізді. Спортшы қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Нұрбек Оралбай желіде әкесіне көлікті сыйға тартқан сәтімен бөліскен.
"Әкемізге тұлпар мінгіздік", – деп жазған боксшы фотоның астына.
Желі қолданушылары боксшыға құттықтаулары мен ақ тілектерін жаудырды.
Еске салсақ, Нұрбек Оралбай былтыр жазда Парижде өткен Олимпиада ойындарында бокстан 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені қанжығасына байлаған. Кейін танымал блогер NNN отандық кәсіпкерлермен біріге отырып, Олимпиадада ел намысын қорғап келген Нұрбек Оралбайға су жаңа көлік сыйлады. Темір тұлпардың құны шамамен 20 млн теңге.