Бүгін күндіз Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы тас жолында 203 көлік қар құрсауында тұрып қалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
ТЖМ мәліметінше, ҚР ТЖМ Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің және ҚР ҚМ әскери қызметшілері қар құрсауынан 96 адамды оның ішінде 42 баланы Аягөз қаласының уақытша орналастыру пунктіне эвакуациялады, сондай-ақ 203 автокөлік қар құрсауынан шығарды.
ТЖМ жүргізушілерге сапарға шығар алдында ауа райы болжамын бақылап, төтенше жағдайлар үшін қажетті заттарды өзімен бірге алып жүруге кеңес береді, деп жазылғн хабарламада
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз