"Наурызнама" онкүндігінің екінші күні барлық гарнизондарда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, әлеуметтік мекемелерге, ауруханаларға барумен, сондай-ақ әскери бөлімдерге экскурсиялар ұйымдастырумен қайырымдылық іс-шаралары өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Гвардейск гарнизонның танкистері Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Олар қонаққа концерттік бағдарламалармен және сыйлықтармен келді.
– Әскер әрқашан халықпен бірге. Біздің міндетіміз – елді қорғау ғана емес, сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесу. Аға ұрпақты құрметтеу, қамқорлық пен мейірімділік көрсету ол тұрақты құндылықтар. Мұндай кездесулер біз үшін тек бірреттік акция емес, жалғасын табатын игі дәстүр, – деді бригада командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Думан Біләлов.
Танк бригадасының әскери қызметшілері қазақ халық әндерін, сондай-ақ аға ұрпақтың жандарына жақын, танымал композицияларды орындады. Сонымен қатар танкистер мекеме қызметкерлеріне аумақты абаттандыруға көмектесті. Көрсетілген қамқорлықтары үшін оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Айнұр Алматаева шын жүректен алғысын білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз