Александр Бублик АТР 175 санатындағы Финикс қаласындағы (АҚШ) Челленджер турнирінің финалына шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
"Спорт Шредингера" Telegram каналының мәліметінше, жартылай финалда қазақстандық теннисші (АТР №82) өткен жылғы чемпион, португалиялық Нуно Боржешті (АТР №36) 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Финалда Александр Бублик бразилиялық Жоао Фонсекамен (АТР №80) кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз