Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылынан 60 шақырым жерде «Шұбалан-Қарасу» автожолында құтқарушылар балшыққа батып қалған жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушыларына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Арнайы техника мен сүйреу жабдығының көмегімен құтқарушылар көлікті жолдың тазартылған учаскесіне шығарды. Көліктегі үш адамға медициналық көмек қажет болмады, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз