Қайғылы оқиға 1999 жылдың тамызында болған.
Зейнеткерді тұншықтырып өлтірген: күдіктіні 25 жылдан кейін өзге елден ұстады
www.istockphoto.com
934
оқылды

Шымкент полициясы 25 жыл бұрын жасалған қылмысты ашты,  деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Polisia.kz сілтеме жасап. 

ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, қайғылы оқиға 1999 жылдың тамызында болған. Шымкенттегі жер үйдің бірінде зейнеткердің мәйіті табылған. Сараптама нәтижелері марқұмның тұншықтырып өлтірілгенін көрсетті.

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастағанымен, осы уақытқа дейін қылмыс "тікелей дәлелдердің болмауына байланысты" ашылмаған.

"Алайда  біраз уақыттан кейін оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктіні табу мүмкін болды. Белгілі болғандай, күдікті осы уақыт ішінде басқа мемлекеттің аумағында аса ауыр қылмыс жасап, жазасын сол жерде өтеген. Көрші мемлекетпен жүргізілген реадмиссия рәсімдерінің нәтижелері бойынша, күдікті Шымкентке жеткізіліп, қамауға алынды. Тергеу "адам өлтіру" бабы бойынша жүргізілуде",  деді Руслан Назаров.