Зауыт ішіндегі электр трансформаторы тұтанған.
Тараздағы зауыттардың бірінде өрт шықты
www.istockphoto.com
1,280
оқылды

Бүгін таңертең Тараз қаласында орналасқан зауыттардың бірінде өрт шыққан, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Зауыттағы электр трансформаторы өртенген. 60 шаршы метр аумағы отқа оранды.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жанып жатқан трансформаторды сөндірді. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында, яғни ауа-механикалық көбікті қолдана отырып, өрт одан әрі жайылмай, толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

 ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.