Енді ертең Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де финалдық бәсекелер өтеді.
Әлем чемпионатында қазақстандық боксшы қыздардың қарсыласы анықталды
982
оқылды

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалы өз мәресіне жетті. Енді ертең Астана уақыты бойынша сағат  21.00-де финалдық бәсекелер өтеді. 

48 келі бойынша Юлия Чумгалакова (Ресей) -  Назым Қызайбай (Қазақстан). Екі дүркін Еуропа чемпионы (2019, 2024). 2023 жылы әлем чемпионатына қатысып, 1/8 финалда өзге жерлесіміз Алуа Балқыбековаға есе жіберген.

50 келі бойынша Ху Мэйи (Қытай) -  Алуа Балқыбекова (Қазақстан). Алғаш рет әлем чемпионатының жүлдесін алды. 2022 жылы Астанадағы Elorda Cup халықаралық турниріне қатысып, алғашқы айқасында Гүлнар Тұрапбайдан жеңілген.

60 келі бойынша Виктория Графеева (Қазақстан) -  Нунэ Асатрян (Ресей). 2024 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.

63 келі бойынша Тананья Сомнуек (Таиланд) -  Аида Әбікеева (Қазақстан). Париж Олимпиадасының қатысушысы, 2024 жылғы Азия чемпионатында қос боксшының жолы түйісіп, Аида басым түскен.

+81 келі бойынша Чжан Илянь (Қытай) -  Елдана Талипова (Қазақстан). Алғаш рет әлем чемпионатының жүлдесін алды.