АҚШ-қа оқуға жіберген ұлына қатысты өкініші барын жасырмады.
"Баламмен бірге өткізген кездерім есіме түспейді": АҚШ-қа ұлын жіберген Қайрат Әділгерей өкінішін айтты
aikyn.kz
11,757
оқылды

Актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей бала тәрбиесіне тоқталып, АҚШ-қа оқуға жіберген ұлына қатысты өкініші барын жасырмады. Ол бұл туралы "Сырласу бағдарламасында" айтты.

– Баламды Америкаға ұшырып, шығарып салғанда кеудеме өксік толып, мені өкініш биледі. Шешесі екеуміз далада бақырып жылап жүрміз. Сонда бала бүлініп кетеді-ау, шалыс басады-ау деген қорқыныш болған жоқ. Ер бала болғаннан кейін өмірге өзі бейімделуі керек қой… Баланың маған дегенде көңілі тоқ болып, кетіп бара жатыр ма? Міне, мәселе қайда? Ойланып отырсам, әкесі бола тұра баламмен бірге уақыт өткізген кездерім есіме түспейді екен. Бала қайда барады?!» – деді ол.

Қайрат Әділгерей артынан осы жайында әлеуметтік желіге ойын бөліскен.

«Сол кезде «өкініп қалмаңыздар» деген едім. Біз әке тәрбиесі дегенде, нақыл сөз айтып, тәлім-тәрбие беру керек деп ойлаймыз. Жоқ, балаңмен ойнаудың өзі жетіп жатыр. Ешқандай тәрбие бермей-ақ, тек уақыт бөлші», – деді әртіс.