Ресейлік дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Борис Ревич «коронавирус күн жылыса жойылады» деген пікірді жоққа шығарды, – деп жазады Tengrinews.kz.
«Ауа температурасы жоғарылағанда коронавирус жойылады деген болжам, меніңше, тек фантазия. Вирус Уханнан келді, онда желтоқсан-қаңтар айларында ауа температурасы +10 градус. Сондықтан ауа температурасының жоғарылауы вирусқа әсер етуі мүмкін емес», – деді дәрігер.
Еске сала кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады.
Ал Қазақстанда кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бойынша төтенше жағдай жариялады.
Сонымен қатар халықтың денсаулығы үшін барлық сақтың шаралары жасалатынын айтты.