Сот шешімі заңды күшіне енді.
Атыраулық екі әйел сот залының есігі мен микрофондарды сындырған
www.istockphoto.com
1,556
оқылды

Атырауда екі әйел сот залының есігі мен микрофондарды сындырып, сот ғимаратында бүлік салғаны үшін жауапқа тартылды,  деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі мамандандырылған сотта екі әйелге қатысты істер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабы 1-бөлігі ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша қаралды.

"Сот отырысы барысында азаматша М.-ның сот залындағы компьютердің мониторын және үш микрофонын ұрып-соғып, қасақана зақымдағаны анықталды",  делінген хабарламада. 

Екі әйел де құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға әкімшілік айыппұл салынды. Сот шешімі заңды күшіне енді.