Шымкент қаласының өрт сөндірушілері Қаратау ауданы Ө.Жәнібеков көшесіндегі екі қабатты кафедегі өртті сөндірді, – деп хабарлайды Аikyn.kz
ТЖМ мәліметінше, өртке қарсы қызмет келгенге дейін кафе қызметкерлері ғимараттан шығып кеткен, ішінде қонақтар болмаған. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің басқа ғимараттарға таралу қаупі жоқ. Өрттің себебі анықталуда, қазіргі уақытта 250 ш.м. алаңда өрт толығымен сөндірілді. Өрт сөндіру жұмысына 22 техника мен 74 құтқарушы қатысты, – деп жазылған хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз