Құтқарушылары 6 адам мінген машинаны балшықтан шығарды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында қар ерігеннен топырақ шайылып, нәтижесінде Ырғыз ауылынан 10 км қашықтықта кіші габаритті жүк көлігі балшыққа кептеліп тұрып қалды.
Құтқарушылардың күшімен автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, елді мекенге дейін жеткізді. Құтқарылған 6 адам, оның ішінде 2 бала медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - деп жазылған хабарладама.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз