Ұлыстың ұлы күні қар­саңында, өткен аптада дәстүрлі жиын бұл жолы Бура­байдың баурайында ұйымдастырылды. Ұлттық құрыл­тай­дың IV отырысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Мемлекет басшысы осы ке­зең­де ат­қарылған іргелі істерді қоры­т­ын­дылаудан бас­тап, елдің бола­ша­ғына қатысты сүбелі ойларын ортаға салды. Ме­м­лекетіміз үшін ең өзекті, ең түйткілді мә­селелер бойынша көзқарасын білдірді. Осы көтерілген бастамаларға елдің белгілі тұлғалары өз ойларын білдірді.
Ұлттық құрылтай – елдік мәселелер көтерілетін маңызды алаң
баспасөз орталығы
383
оқылды

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Мемлекет басшысының бастамасымен қайта жаңғырған Құрылтай өз жемісін беріп жатыр деп есептейді.

 – Ұлтымыз үшін ерекше орны бар қасиетті жерлерде өтіп келе жатқан Ұлттық құрылтай бүгінде ең маңызды елдік мәселелер көтерілетін алаңға айналды. Онда өзекті түйткілдер мен келелі ұсыныстар ортаға салынып қана қоймай, заңнамалық шешімін тауып, нақты жүзеге асып келеді, – дейді ол. 

Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атыраудағы құрылтайда берген тапсырмасының негізінде 10 заң жобасы дайындалып, оның 9-ы қабылдаған. Атап айтқанда: әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету заңмен тиянақталып, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жаза күшейтілген; электронды  тұтыну жүйелерін (вейптер) әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық заңнамалық тыйым салынды; құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салынып, лицензиясыз онлайн казинолар мен букмекерлік кеңселерді бұғаттау қолға алынған. Мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынды; ескерткіштер мен табиғи объектілерге қатысты вандалистік әрекеттер үшін жаза күшейтілді; есірткі қылмысы үшін жаза күшейтілді. Сатуды ұйымдастырушы мен есірткі бизнесін қорғайтын шенеуніктерді өмір бойына бас бостандығынан айыру бекітілді және ономастика мәселелеріне қатысты түзетулер енгізілді. Енді барлық атауларды өзгерту және беру орталық уәкілетті органмен келісілетін болды.

– Бұл басты-бастылары ғана. Осы аталған заңдар қоғамда белең алған көптеген әлеуметтік дерттерге тосқауыл қойып, қоғамды оңалтуға оң әсерін беруде. Тарихи тамыры терең Ұлттық құрылтай ұлтымызды ұйыстыруда, халқымыздың бірлігін нығайтуда, идеологиялық бағыт-бағдарымызды айқындауда, келелі кеңес құруда, көпшілікті толғандырған өзекті мәселелерді бірлесе шешуде, түбегейлі елдік шешімдер қабылдауда маңызды платформа қызметін атқара беретіні сөзсіз, –  деді «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.

Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев Бурабайда өткен Кұрылтайда Президентіміз көптеген маңызды мәселелерді көтергенін айтты.

– Әсіресе, тағы да инклюзия тақырыбына ерекше назар аударғаны қуантады. Президент атап өткендей, "тұрғындарға, әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға баспананың қолжетімді болуы – тұрмыс сапасының жақсарғанын білдіретін негізгі көрсеткіш. Былтыр мемлекет осы санаттағы адамдар үшін 21 мыңға жуық пәтер сатып алды. Сонымен қатар  ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін оңалту орталықтарының ашылуы – үлкен жетістік. Семей, Тараз, Кентау, Орал қалаларында осындай орталықтар бой көтерді, ал 2026 жылға дейін Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Шымкент және Талдықорғанда да ашылатыны жоспарлануда.”  Мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту және тұрғын үймен қамтамасыз ету қазіргі уақытта ең өзекті мәселе және инклюзивті қоғам құру жолындағы маңызды қадам.

Президенттің "Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар әрбір баланың толыққанды білім алуға мүмкіндігі болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондықтан жыл соңына дейін осындай балаларға жан-жақты қолдау көрсету ісін реттейтін жаңа заң әзірлеу керек" дегені бұл жаңа бастама. Яғни, жаңа бөлек Заң – еліміздің әрбір мүгедектігі бар бала үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған нақты қадамдар болатынына сенімдімін. Біз инклюзияны қолдаймыз және осы бағыттағы жұмыстардың жалғасатынына сенеміз. Әрбір азаматтың өмірі маңызды, – дейді Ерлан Әбдиев. 

Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Максим Рожин Құрылтайдың төрт жылдағы тиімділігі барын айтты. Десе де, көп мәселеде заңды сақтамай жататынын да тілге тиек етті.

– Өмір болғасын түрлі жағдлайлар болады. Бірақ мемлекет тарапынан, қоғам тарапынан, тіпті заң бұзылса полиция тарапынан кейде реакция тым кеш болғасын, жауапкершілік азайып,  біз осыны қалыпты жағдай ретінде қабылдайтын болдық. Жауапкершілік пен әдеп жоқ жерде мұндай фактілер тек көбейе береді. Сондықтан бұл процестерді шұғыл қолға алу керек. Сол үшін әдеп, этика, азаматтардың бір-біріне деген толерантты көзқарас мәселесін көтеру қажет, –  деді Максим Рожин.