Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Сайыров Құрылтайдың жұмысының өзі Қазақстандағы саяси реформалар нәтижесі деп санайды.
– Мемлекет басшысы салық реформасының логикасына тоқталды. Қазақстанның Мемлекеттік бюджетінің жартысына жуығы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Мемлекет әлеуметтік мәселелерді шешуді ары қарай жалғаса береді. Елімізде заңды тұлғалардың льготалары өте көп. Осы жеңілдіктерді азайту қажет. Әлеуметтік желідегі әдептілік мәселесі өте өзекті! Діни теріс ағымдардың жастардың сана-сезіміне теріс әсеріне тиым салу қажет. Кино саласындағы проблемаларға да назар аудару маңызды. Жақында "Шоқан Қашқарияға сапары" мультфильмі шықты. Өте қажет өнім. Осындай туындылар көп болуы тиіс.
Қазақстанның солтүстігіндегі халқымыздың санының азайып бара жатқандығы жасырын емес. Бұл мәселені шешу ұлттық қауіпсіздік мәселесі. "Қазақстан Балалары" атты кешенді бағдарлама қажет. Балаларымызды ұлттық дәстүр негізінде тәрбиелеу керек. Геосаяси жағдай күрделеніп келеді. Отаншыл, патриот балаларды тірбиелеу керек. Қазақстанның идеология мәселесі де өте өзекті. Мемлекеттік құндылықтарды терең қалыптастыру қажет. Өңірлерде театрларды салып, дамытуға баса назар аудару керек.
Биыл Қазақстанның астанасының Қызылордаға көшуіне бір ғасыр болды.Сонымен қатар ұлтымыздың "қазақ" атауының ресми қайтуына да бір ғасыр болды. Келесі Құрылтайдың отырысы Қызылордада өткізуге шешім қабылданды.
Қазақстанда Бизнесті дамыту үшін 8-трлн теңге бөлінеді. Бұл қадам кіші және орта бизнесті дамытуға аса жоғары серпін береді! Катон-Қарағай, Зайсан, Кендірліде аэропорт салынады. Арқалық қаласында аэропорт салынады. Президент "АMANAT" партиясы фракциясы "Шекаралық аудандарды дамыту" жөнінде жаңа заң қабылдау жөнінде ұсыныс жасады. Үкімет аталған мәселені шұғыл шешуі керек деп тапсырма берді. Бұл шешім шекаралық аудандарды дамытуға жоғары серпін беретіні анық, – дейді Ерлан Сайыров.
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Аmanat» фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ Ұлттық құрылтай секциялары әлеуметтік әділеттілік, мәдениет, экономика, ғылым және білім мәселелері бойынша қарқынды жұмыс жасағанын айтты.
– Ұлттық құрылтай – билік пен халық арасындағы сенімді диалог орнататын, ұлттық мүдде жолында маңызды шешімдер қабылданатын алаң. Бұл жерде қоғамның күрмеулі мәселері қозғалып, олардың шешу жолдары қарастырылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әділетті қоғам құрудың негізі – ашықтық, жауапкершілік және ұлттық бірлік. Осы мақсатта Ұлттық құрылтай әр өңірден, әртүрлі сала өкілдерін жинап, ортақ мүдде жолында жұмыс істейді. Президент биылғы Құрылтайда еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан білім беру, денсаулық сақтау салаларына инвестиция салуды жалғастырамыз. Бұл – біздің конституциялық міндетіміз. Бірақ шын мұқтаж азаматтарға ғана көмек көрсетілуі керек. Қызметін асыра пайдалануға, алаяқтыққа жол берілмейді. Сондықтан басымдық берілмеген жобаларға бөлінетін қаржы азаяды. Бұл қажет шара екені айдан анық. Үкімет осы жылдың соңына дейін оны қалай оңтайландыру керектігін біржола анықтап алуға тиіс, – деді ол.
Үнзила Шапақтың айтуынша, Ұлттық құрылтай жай ғана пікір алмасу алаңы емес, ел болашағына ықпал ететін шешімдер қабылданатын маңызды институтқа айналған. Оның ұсыныстары заңнамалық өзгерістерге, әлеуметтік реформаларға негіз болып, Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына бағыт береді деп санайды.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Төрағасы Нұртай Сабильянов Ұлттық құрылтай аясында өткен "Әлеуметтік-экономикалық даму» секциясының жұмысына қатысқанын айтты.
– Бұл секцияның жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жетекшілік етіп, әлеуметтік-экономикалық саланың және бюджеттің қазіргі жағдайы,салық мәселері,жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндады. Бұл бағытта шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған жеңілдетілген несие жүйесін құру ұсынылды. Яғни кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарды,заңды тұлғаларды жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5-9% болатын несиемен қамтамасыз ету керегі айтылды. Өйткені банктер кәсіпкерлік субъектілеріне жылдық сыйақы мөьшерлемесі 19-22%-бен несие ұсынады. Бұнымен кәсіпкерлікті, экономиканы дамыту мүмкін емес. Сондықтан кәсіпкерлікті қолдау үшін құрылған квазимемлекеттік қорлардың, Қазақстан даму банкінің, даму институттарының қызметін қайта қарастырып, бюджет қаражатының тиімділігін тексеріп, бір жүйеге келтіру мәселесін көтердім, – деді ол.