Президенттің елде төтенше жағдай жариялауына және халықтың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі бірқатар шараларды қабылдау жөнінде ресми хабарлама жасады.
«Біріншіден, ірі сауда нысандары таңғы сағат 10-нан кешкі 18:00 дейін ғана жұмыс істегені жөн. Осы аралықта санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс. Сауда орталығының аумағындағы кинотеатр, балалар орталығы, кез келген ойын-сауық алаңдары жабылады. Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер және азық-түлік базарлары қалыпты режимде жұмыс істей береді. Тек санитарлық дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. Нан және кондитер өнімдерін сырты қапталған күйінше сатқан дұрыс. Екіншіден, азық-түлік сатпайтын базарлар таңғы 11:00-ден кешкі 17:00-ге дейін ғана жұмыс істегені дұрыс» делінген хабарламада.
Министрлік санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі басқа да ресми мәлімдемесін кейінірек қосымша хабарлаймыз.