Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды облысында жүздеген отбасы жаңа баспана алуда.
Наурызға сыйлық: Қарағанды облысында 389 отбасы жаңа баспана алады
баспасөз орталығы
330
оқылды

Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды облысында жүздеген отбасы жаңа пәтер алады. Алғашқы отбасылар өз үйлеріне қоныстанды, барлығы 389 отбасы жаңа тұрғын үйдің кілтін алады.    

Саран қаласында 110 отбасы жаңа пәтер кілтін алды. Олардың ішінде жетім балалар, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік осал топтардың өкілдері бар. Бұл пәтерлер мемлекеттік бағдарлама бойынша құрылыс салушыдан сатып алынды.

Наурыз айында жақсылықпен бөлісу, сыйлықтар жасау әдетке айналған. Мұндай мереке қарсаңында пәтердің кілттерін алғанымыз біз үшін үлкен бақыт, дейді Саран қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана Мөлдір Саликова.

Сондай-ақ Балқашта "Наурызнама" онкүндігінің қайырымдылық күні аясында 15 жаңа пәтер көпбалалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға және мүгедек адамдарға берілді. Қарағандыда жаңа пәтердің кілттерін тапсыру алдағы күндері де жалғасады.

Мысалы, 19 наурызда Қарағандыда 180 отбасы қоныстойын тойлап, 20 наурызда Бұқар Жырау ауданының Доскөй кентінде 60 отбасына пәтер кілті тапсырылады. Ал 21 наурызда тағы 24 отбасы Нұра ауданында жаңа тұрғын үй иегері болады.