Солтүстік Македонияда түнгі клубтағы өрт салдарынан 59 адам қаза тапты.
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
463
оқылды

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Кочани қаласында болған өрттен көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновска-Давковаға және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.