Ски-альпинизм 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.
Қазақстан ски-альпинизмнен Азия кубогы кезеңінде 4 алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК
606
оқылды

Қазақстан құрамасы ски-альпинизмнен Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен Азия кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 4 алтын медаль алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ҰОК мәліметінше, қазақстандық спортшылар жалпы жеті медаль жеңіп алған. Оның төртеуі - алтын.

Тік көтерілу жарысында Әсем Назырова мен Шыңғыс Байқашев жеңімпаз атанды. Нияз Жанзақов күміс жүлдеге ие болса, Денис Власов қола медаль иеленді.

Спринт сайысында Денис Власов пен Әсем Назырова бірінші орын алды. Нияз Жанзақов екінші орынға тұрақтаса, Шыңғыс Байкашев төртінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, ски-альпинизм 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.