Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрағасы Айжан Көлбаева Астанада өткен шахмат турнирінде топ жарды. Бұл туралы елорда сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР судьялар одағының Астана қаласы бойынша филиалы волейбол, үстел теннисі, шахмат және дойбы сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Жарысқа cот әкімшілігінің, Әскери сотының, қалалық және аудандық соттардың командалары қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, жеңіске деген құлшыныс үшін бірқатар қатысушылар марапатталды.
Әйелдер арасында I орынды Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Көлбаева, II орынды Астана қаласының ювеналды сотының төрағасы Лейла Зинашева алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.