Продюсер бұл жағдайдан құтқарған махаббат екенін атап өтті.
«Әйелдерді құтқару үшін тірі қалдым...»: Баян Алагөзова жан сырын ақтарды
Фото: видеодан кадр
1,583
оқылды

Продюсер Баян Мақсатқызы басынан өткен ауыр кезеңді еске алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ол журналист Дана Нұржігітке сұхбат беріп, денсаулығын қалпына келтіру үшін бес жыл уақыт кеткенін айтты.

“Құдайдан махаббат сұраған адаммын. Ажырасқаным үшін Құдай менің жазамды берді. Мен оны қабылдадым. Сол қанды оқиғадан менің тірі қалуым 20 пайыз еді. Менің жағдайыма тап болған, менің күйіме түскен әйелдерді құтқару үшін тірі қалдым. Денсаулығымды ретке келтіру үшін бес жылға жуық уақыт керек болды. Ешқашан өткенмен өмір сүрген емеспін. ...Бұрынғы жеке өмірімді де есіме алғым келмейді”, – деді Баян Алагөзова. 

Продюсер бұл жағдайдан құтқарған махаббат екенін атап өтті. Сонымен қатар отбасында болған жайтты ата-анасы қалай қабылдағанына тоқталды. 

“Әкем ешқашанда маған ақыл айтқан емес. Ол менің өмірімді көріп жүрді. Қанша көңілі толмаса да, білдіртпейтін. Екінші өмірімді бастағанда “Менің қызым бақытты болып жатыр” деді. Ауруханада жатқанда да “Қызым, мұның не?!” деп сұраған емес. Анам қатты жылап, менің түрімді көріп, аяды. Сол кезде “Мені аямаңдар!” дедім. Мен осы жолды таңдадым, аяғына дейін күресемін” дедім. Сол кезде әкем, “Әрқашан сенің жағыңдамын” деп қолдау білдірді”, - деді продюсер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.