Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдас­тыруымен Астана қаласында «Креативті индустрияның тілтанымдық негіздері: зерттеулер мен әзірлемелер» стенд-конференциясы өтті.
Смарт-өнімдер таныстырылды
213
оқылды

Шарада Тіл білімі институтының көп жылғы зерттеу нәтижелері мен әзірлемелері, атап айтқанда, «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» электронды сайтының жаңалықтары мен қолданысқа енгізілген жаңа қызметтер таныстырылды. Олар: қазақ тіліндегі сөздердің лексикалық, фразеологиялық, омонимдік, синонимдік, мәдени мағыналары берілген қазақ тілінің бірегей электрондық сөздігі, тілтанымдық электрондық кітапхана – тіл білімі, филология, түркітану, мәдениет салалары бойынша жүйеленген электрондык кітапхана, кітаптарды сканерлеу арқылы PDF форматка ауыстыруға мүмкіндік беретін, қазақ мәтінін автоматты тануға, оны жаңадан өңдеуге болатын электрондық жүйе – қазақ мәтінін автоматты тану жүйесі, ақылды мәтінтүзеткіш.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Тіл білімі инситутының ұжымының осы бағытта атқарылып жатқан жұмысын жоғары бағалап, ана тілімізді әрмен қарай дамытуға арналған жоспарларды тілге тиек етті.

«Қазір әлемде сегіз мыңға жуық тіл бар. Жыл сайын бірнеше тіл өледі. Себебі сөйлейтін адам аз, басқа да себептер бар. Сондықтан қазіргі алғышарт ол тілді цифрлық форматта дамыту, яғни цифрлық кеңістікте үлкен модельдерді қалыптастыру. Ол тілдің болашақта тірі қалуының алғышарты, кепілі деп айтуға да болады. Біз бүкіл ресурстарымызды, сол бұрыннан келе жатқан ұлттық корпус, подкорпустар, кіші корпустардың бәрін бір жерге келтіріп, токендарға алмастырып, қазір KAZ-LLM деген моделіміз шықты», – деді министр.