Семей тұрғыны бұл заттарды өзіне таныс емес белгісіз адам лақтыруды сұрағанын мойындады.
Семейде ер адам колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған
Фото: polisia.kz
654
оқылды

Семейде колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Семей қаласының 37 жастағы тұрғыны оқиға орнында ұсталды. Оны Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері патрульдеу кезінде қолға түсірді.

Жинақта екі телефон, ток қуаттандырғыш, сымсыз құлаққап және SIM карта табылып, тәркіленді. Семей тұрғыны бұл заттарды өзіне таныс емес белгісіз адам лақтыруды сұрағанын мойындады.

– Қазіргі уақытта "курьерге" қатысты әкімшілік хаттама жасалды, – деп түсіндірді жедел бөлім бастығы Сұңғат Абраев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.