Әнші шығармашылықты қайта қолға алып, жаңа әндер жазып жатқанын айтты.
«Бірге ауырып қаламыз, арамызда ерекше байланыс бар»: Нұрлан мен Мұрат өнер мен өмірі туралы айтты (Видео)
Фото: stan.kz
1,339
оқылды

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен дуэт Нұрлан мен Мұрат "Таңшолпан" бағдарламасына сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші шығармашылықты қайта қолға алып, жаңа әндер жазып жатқанын айтты. Сонымен қатар көпшілікті алаңдатқан сауалға жауап берді. Олардың айтуынша, сахнаға шықпауына денсаулығы себеп болған. Әнші екеуінің арасында ерекше байланыс туралы да сөз қозғады.

«Құдайға шүкір, қазір бәрі жақсы. Бірақ Мұрат екеуіміздің арамызда ерекше бір байланыс бар сияқты. Мен ауырсам, міндетті түрде бір-екі жылдан кейін Мұрат та ауырып қалады. Маған қайғы түссе, көп ұзамай Мұрат та сондай жағдайды бастан кешіреді. Неге екенін білмеймін. Менің анам дүниеден озды, бір-екі жылдан кейін Мұраттың анасы да өмірден өтті. Мен ауырғанда үш жыл бойы арбада отырдым, ал Мұрат жақында ғана арбадан шықты. Осындай сәйкестіктер жиі болып тұрады. Сондықтан Мұрат маған үнемі: "Нұреке, абайлап жүрші" деп айтады, – дейді Нұрлан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.