Әнші 10 жасында шетелге барып, концерт қойған кезі туралы естелігін бөлісті.
«4-сынып оқушысы»: Мақпал Жүнісова бала кездегі суретін жариялады
Фото: instagram.com/ zhunusova.makpal
36,889
оқылды

Халық әртісі Мақпал Жүнісова осыдан 50 жыл бұрын түскен суретін жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші 10 жасында шетелге барып, концерт қойған кезі туралы естелігін бөлісті. 

“4-сынып оқитын кезімнен фото келді. Алдыңғы қатарда тор-тор пальто киіп тұрған мен. Мәскеу арқылы Крым, Севастополь, Киев қалаларында баянның сүймелдеуімен ән шырқадым. Соғыс ардагерлерінің алдында бір апта концерт қойдық. Кешкісін би алаңына барып, эстрада тобымен бірге Алла Пугачёва және София Ротару апайлардың әнін айтып, билетіп едім. Әттең, ол кезде қазіргідей түсіретін не камера, не телефон болмады”, – дейді әнші. 

Желі қолданушыларының бірі әншінің жазбасына шетелге тек үлгілі, өнерлі балалар баратынын жеткізіп, пікір қалдырған. Мақпал Жүнісова үлгілі оқушы болғанын айтты.

“Иә, тек беске оқыған едім. Алматыға келіп, музыка мектебіне түскен соң сабақ жайына қалды. Музыкаға беріліп кеттім. Қобыз, фортепиано, сольфеджио және әдебиеттен ғана бес болды”, – деді Халық әртісі. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.