19 наурыз – Наурызнама онкүндігі бойынша Жаңару күні, яғни қоғамның барлық салаларын жаңарту, ағаш көшеттерін отырғызып, түрлі экологиялық акцияларға үн қосу.
Жаңару күнінде өңірлерде экологиялық акциялар басталды
Фото: Аманат
683
оқылды

Бүгін – Жаңару күні. Осы ретте «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық, қалалық филиалдарының ұжымы, «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері «Мәңгілік алау» мемориалы ауласына ағаш отырғызды. Жеңісті жақындатқан майдангер жауынгерлерімізге қойылған ескерткіш тақталарды жуып, қоқыстан тазартты. 

Жаңару күнінде аманаттықтар 50-ге жуық түп қарағаш, терек, Сыр талын екті.

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов  игі бастамаға қолдау көрсетіп, әрбір тұрғын тазалықты өз ауласынан бастап, қала аумағын жасыл желекпен көмкеруге үлес қосуы тиіс екенін айтып, жаңару күнінде бақ-береке тіледі.

 Жаңару  күнінде тазалыққа үндейтін акция бүгін партияның барлық аумақтық филиалдарында, бастауыш партия ұйымдарында жалғасын табуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.