Екі ел жолдастық матч өткізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, екі тараптың келісімі бойынша матч жабық түрде өтеді. Мәтіндік және бейнекөрсетілім, негізгі құрам және бейнематериал болмайды. Ойын аяқталғаннан кейін фоторепортаж, матч нәтижесі мен гол авторлары хабарланады.
Кюрасао құрамасы ФИФА рейтингінде 91-орында тұр. Оларға әйгілі нидерландтықмаман Дик Адвокат жетекшілік етеді.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасы 22 наурызда сырт алаңда Уэльспен кездессе, 25 наурызда Лихтенштейнге қарсы ойнайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.