Желі қолданушыларының басым бөлігі өнер иесінің жазбасына қолдау білдірген.
«Үйге камера қою керек»: Меруерт Түсіпбаева 17 жыл құлдықта болған қыздардың өміріне алаңдаушылық білдірді
Коллаж: Aikyn.kz
5,082
оқылды

Әнші Меруерт Түсіпбаева 17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Әнші күтуші әйелден күдіктенетінін жасырмады.

“Талай жыл құлдықта болған екі арудың он екіде бір гүлі ашылмай қойды-ау. Өткенде Руслан Өтепбай арнайы барып, жағдайларын сұрап, “арықтап кетіпсіңдер” деп алаңдаған еді. Сұхбат барысында маған күтуші әйел ұнамады. Суайт сияқты көрінді. Руслан қайта-қайта жағдайларын сұрай берді. Енді міне, ашық түрде қыздардың етегін ашып, дарақыланып, құпиясын жұртқа жайып салды. Дүйім жұрт оны көріп отыр. Не айтамыз?! Бұл үйге камера орнатса ғой. Жабық есіктің ар жағында не болып жатыр?!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушыларының басым бөлігі өнер иесінің жазбасына қолдау білдірген.

«Әйел қасқыр қатын екені көрініп тұр ғой. Қыздар шынында жүдеген», «Мына әйел де қыздардың жеңгесі сияқты ақшасын алып отыру үшін ұстап отыр ғой", «Неге бұтын шешіп камераға түсірді. Нені дәлелдемекші?!» деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.