Аруларымыз фристайлдан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
Фристайл-могулдан жекелей сында ақтық бәсекеде бақ сынаған қазақстандық Анастасия Городко 10-орын, Юлия Галышева 14-орын, ал Юлия Феклистова 24-орынға тұрақтады.
Осылайша, олар супер финалға өте алмады. Бұл бағдарламада барлығы 16 елден 103 спортшы қатысып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.