Экстрим-блогер Сәкен Қағаров пен актриса Айжұлдыз Адайбекованың үйлену тойы көктемде болады. Бұл туралы Сәкен Қағаров блогер Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында айтқан, – деп жазды Aikyn.kz.
Блогер Айжұлдызбен қалай танысқанын айтып берді.
«Жарнамалардың бірінде Айжұлдызды көріп, ғашық болдым. Оның бұрын ажырасқаны және баласы бар екені мені мүлде қызықтырған жоқ. Керісінше, болашақта тағы бір сәби сүйсек, екеуі бір-біріне серік болады. Айжұлдыз екеуміз былтыр күздің соңынан бері осы үйде бірге тұрып жатырмыз. Оның өз пәтері бар екенін де айту керек. Қыста неке қидырдық. Енді көктемде, мамыр айында үлкен той жасаймыз», – деді Сәкен Қағаров.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.