Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында 48 келіде топ жарған еді.
Назым Қызайбай соққысын тексеріп, жұртты таңғалдырды
Фото: nazym_kyzaibay09
5,744
оқылды

Үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай оң қолының соққы күшін тексеріп, жанкүйерлерін таңғалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Желіде бейнежазба жариялаған белгілі спортшы соққы тексергіш арқылы 700 келіден артық көрсеткішке қол жеткізген.

«722 келі. Бұл жаңа рекорд»,  деді Назым Қызайбай.

Естеріңізде болса, Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында 48 келіде топ жарған еді. Ол шешуші сынды Ресей боксшысын айқын басымдықпен жеңді.

Сондай-ақ Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында 50 келіде қола жүлдегер атанды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 1bol.kz (@b1rinshibol)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.