Конькимен жүгіруден Нидерландтың Леуварден қаласында өткен Zilveren Bal ірі турнирінде Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz.
Ол 100 метр қашықтықта қарсыластарына дес бермеді.
Финалда Евгений Кошкин польшалық Марек Кания мен америкалық Джордан Штольцты артқа тастап, бірінші орынға ие болды.
Айта кетейік, бұл турнир дәстүрлі түрде ең үздік спринтерлер арасында өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.