Жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы, Зимбабве спорт министрі Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиада комитетін басқаратын алғашқы әйел басшы атанды.
Алғашқы әйел басшы: Халықаралық Олимпиада комитетінің жаңа президенті сайланды
Фото: ҰОК
479
оқылды

Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиада комитетінің оныншы президенті болып сайланды, – деп жазды Aikyn.kz. 

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, дауыс беру Грекияның Коста-Наварино қаласындағы ХОК-нің 144-ші сессиясында өтті.

Ол бұл қызметте 2013 жылдан бері президент болған Томас Бахты алмастырады. Бахтың 2025 жылдың ақпанында қызметтен кететінін ХОК Атқарушы комитеті қолдады.

Жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы, Зимбабве спорт министрі Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиада комитетін басқаратын алғашқы әйел басшы атанды. Сондай-ақ  бұл лауазымға алғаш рет Африка құрлығының өкілі сайланды.

Томас Бахтың өкілеттігін ресми түрде Кирсти Ковентриге тапсыру рәсімі 2025 жылы 23 маусымда өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.