«Қайрат» командасының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кюрасаоға қарсы ойында ұлттық құрама сапында дебюттік матч өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Футбол федерациясының мәліметінше, сонымен қатар Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының жаңа рекордын орнатып, ұлттық команданың тарихындағы ең жас дебютант атанды.
Дастан алаңға 16 жас 7 ай 8 күнінде шықты, осылайша, Жамбыл Көкеевтің жетістігін жаңартты.
Көкеев 2006 жылы 14 ақпанда Иорданияға қарсы ойында 17 жас 4 ай 25 күнінде ұлттық құрама сапында алғаш рет алаңға шыққан еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.