Боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан да қаржылай сыйақы табысталады.
Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Фото: Бокс федерациясы
1,335
оқылды

8-16 наурыз аралығында Ниш (Сербия) қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер атанған Қазақстан спортшылары Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан ақшалай сыйақыға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бокс федерациясының мәліметінше, сыйақы мөлшері мынадай:

Назым Қызайбай – 100 мың АҚШ доллары 

Алуа Балқыбекова – 100 мың АҚШ доллары 

Аида Әбікеева – 100 мың АҚШ доллары 

Виктория Графеева – 50 мың АҚШ доллары 

Елдана Талипова – 50 мың АҚШ доллары 

Наталья Богданова – 25 мың АҚШ доллары 

Сонымен қатар аталған боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан да қаржылай сыйақы табысталады: 

Назым Қызайбай – 100 мың АҚШ доллары 

Алуа Балқыбекова – 100 мың АҚШ доллары 

Аида Әбікеева – 100 мың АҚШ доллары 

Виктория Графеева – 50 мың АҚШ доллары 

Елдана Талипова – 50 мың АҚШ доллары 

Наталья Богданова – 25 мың АҚШ доллары 

Бұдан бөлек, бапкерлер мен дәрігерлерге де Қазақстан бокс федерациясы тарапынан сыйақы қарастырылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.